Home – Қазақ тілі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№2 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯСЫ» КММ

БІЗ ТУРАЛЫ

    «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету» мемлекеттік қызметін көрсетеді.o:p>

БІЗДІҢ ІСТЕЙТІНІМІЗ

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация – балаларды қарап-тексеруді және кеңес беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алудың ерекше шарттарын бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға бағыттауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы.

ПМПК қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес:

1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа);

2. Ата-анасының немесе баланың мүдделерінің заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3. Мүгедектік туралы анықтама, IPR картасы (мүгедектік болса) – көшірме (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);

4. Денсаулық жағдайы бойынша (үйде оқитын балалар үшін) үйде оқыту қажеттілігі туралы ВКК қорытындысы (көшірме және түпнұсқа);

Қажет болған жағдайда тереңдетілген сараптама үшін келесі құжаттарды қосымша сұрайды:

5. 052/у нысанындағы медициналық құжаттама (туғаннан бастап амбулаторлық карта), 027/у нысаны;

6. Білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;

7. Оқыту тілі, математика және қызметтің басқа нәтижелері бойынша жазбаша жұмыс.

Балаларды ПМПК-ға қабылдау алдын ала жазылу бойынша ата-анасының (заңды өкілдерінің) сүйемелдеуімен жүзеге асырылады.Ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес алдын ала жазылу телефон және/немесе тікелей байланыс арқылы.

Ұйымның жұмыс уақыты:

күн сайын 9.00-17.00 Сенбі және жексенбі демалыс күндері.